АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндік береді

img-20240910-wa0032-750x375.jpg

    АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өңірлерде халықпен кездесуі жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz. Бүгін Штаб мүшелері Шымкент қаласындағы жастар және өзгеде еңбек ұжымдарымен кездесті.

    Кездесу еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орындардың бірі саналатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен жүздесуден басталды. Кездесуде Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атом электр станциясы экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің, ғылымның дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба екенін ерекше атап өтті. «АЭС салу – бір күннің мәселесі емес. Жобаны іске асыру он жылды, тіпті одан да көп уақытты алады. Бәріңіз де экономикасы дамыған, болашағы зор, қуатты да тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргілеріңіз келетіні сөзсіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да көздегені – осы. Қазіргі қолға алынып жатқан істер, ең алдымен, сіздер үшін жасалып жатыр. Ендеше, батыл шешім қабылдайтын уақыт жетті. Ал батыл шешімді қабылдайтын – жастар! Олай болса, алдағы референдумда АЭС салуға қолдау көрсетіп, өз болашақтарыңыз үшін дұрыс таңдау жасауларыңыз қажет», – деді Ерлан Қошанов жастарға қарата айтқан сөзінде. Әңгімелесу барысында Халықтық штаб мүшелері АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, лайықты жалақысы бар онмыңдаған жаңа жоғары білікті жұмыс орны құрылады. Қазақстандағы жоғары оқу орындардың түлектері АЭС құрылысына қатысуға және отандық атом индустриясында қызмет етуге қажет барлық мүмкіндікке ие. Болашақта атом энергетикасын дамытудың тиісті мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, онда АЭС қажеттілігіне қарай арнайы кадр даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

alatauaraiy.kz


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»