Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Референдум дауыс беру ғана емес, қоғамға тікелей әсер ететін саясатты қалыптастыратын мүмкіндік

balqash 2024-10-03


Аталған аймақтық жиын 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналды.

Күн тәртібіне сәйкес Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы азаматтардың қатысуы, энергетикалық саясат, сондай-ақ атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум сияқты маңызды сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанда референдум құралын қолдануға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ оның азаматтардың белсенділігін арттырудағы және демократияны нығайтудағы маңызы қарастырылды. Іс-шараға Ұлытау облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы саласының мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия, ҚҚДИ өкілдері қатысты.

Жиын Қазақстандық қоғамдық даму институты Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасымның модераторлығымен өтті.

«Референдум — бұл тек дауыс беру ғана емес, қоғамның өміріне тікелей әсер ететін саясатты қалыптастыруға белсенді қатысу мүмкіндігі. Азаматтардың тікелей қатысу құралдарын дамыту маңызды, осылайша жауапты және ашық басқарудың негізін қалыптастыруға болады. «Референдумдар әлемі: 2023» есебіне сәйкес, 1790 жылдан бері әлемде 3072 референдум өткізілген. Қазақстанда 2022 жылдың 5 маусымындағы референдумды ескере отырып, барлығы үш референдум өтті, олардың екеуі Конституцияға енгізілген өзгерістермен байланысты болса, төртінші референдумда экономикалық және энергетикалық мәселелер алғаш рет талқылануда. Референдумдарға қатысу арқылы азаматтар өздерінің саяси күн тәртібіне әсер ету қабілетін түсінеді. Сонымен қатар, референдум тікелей халықтың еркін білдіру формасы ретінде қоғамдағы сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол азаматтарға маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігін беріп, саяси процестерге қатыстылық сезімін арттырады».

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Дамир Белгібаев өз баяндамасында референдумның өткені мен бүгініне және жаңа қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастырудағы мән-маңызына тоқталды.

«Демократия – бұл халықтың басқару процесіне тікелей қатысуын көздейтін саяси жүйе. Мұндай демократияның негізгі құралдарының бірі – референдум. Қазіргі таңда референдум демократиялық елдердің маңызды саяси құралына айналған. Бүгінде ол қоғамның саяси процестерге қатысу деңгейін арттырса, басқа елдерде сирек, бірақ маңызды шешімдер қабылдау кезінде өткізіледі.

Референдум арқылы халық мемлекет басқаруындағы өз орны мен рөлін сезіне алады, бұл өз кезегінде демократиялық қоғамның қалыптасуына оң ықпал етеді. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізі қаланады».

ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Атом энергиясы институты» филиалының «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінде эксперименттерді дайындау және жүргізу қызметінің басшысы Асхат Дүйсенбаев Қазақстанның атом саласының дамуына шолу жасады.

«Қазақстанның келешегінде күн, жел және гидроэлектростанциялармен қатар өз үлесін қоса алатын атом электр станциясын салу үшін атом саласының барлық жағдайлары негізделіп тұр. Сондай-ақ Қазақстанның атом саласы бүгін ғана пайда болған жоқ, тарихы өте бай екендігін ескеруіміз қажет.

Біріншіден, бүгінгі таңда Қазақстанда үш ядролық зерттеу реакторы ғылым жолында өз үлесін қосуда. Курчатов қаласындағы қазақстандық термоядролық материалтану КТМ токамагы Қазақстанды термоядролық синтезін басқара алатын озық зерттеу насындары бар 10 елдің қатарына қосып отыр. Оған қоса әр түрлі реактордан тыс эксперименттерді қоюға болатын басқа да нысандар мен стендтер бар, кең ауқымды физикалық және радиоэкологиялық зерттеулер жүргізе алатын зертханаларымыз бар, халықаралық мониторинг жүйесіне кірген геофизикалық станцияларымыз да бар.

Екіншіден, уран өз елімізде шығып жатыр. «Казатомпром» ұлттық атом компаниясының Үлбі металургиялық зауытында Қытай мемлекетінің атом электр станцияларына ядролық отынды жылу беру жинақ түрінде шығарылып жатыр.

Үшіншіден, Қазақстанның атом саласы білікті де мықты мамандарға ие. Егер, атом электростанциясын салатын болсақ біз оны да игеріп аламыз».

Ауыл партиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының төрағасы, PhD докторы Абзал Жиенбаев референдумның азаматтардың саяси белсенділігін арттырудағы маңызы туралы баяндады.

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің директоры Бота Аман АЭС құрылысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері туралы сөз қозғады.

«Экономиканың дамуымен қатар, елдегі энергияға деген сұраныс үздіксіз өсіп келеді. АЭС тұрақты және үлкен көлемде электр энергиясын өндіруге қабілетті және шектеулі ресурстарды үнемдеп халықтың әл ауқатына оң әсер етеді».
«Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы» Жастар ресурстық орталығының директоры Ақерке Ахметбекова елдегі саяси бастамалар мен өзгерістерге жастардың көзқарасы туралы пікір білдірді.

«Жастар – мемлекеттік құрылымдағы ең үлкен әлеуметтік топ. Басқаша айтқанда, болашақ демографиялық дивиденд. Бүгінгі жастардың басым бөлігі – тәуелсіз елде дүниеге келгендер. Жастар саяси бастамалар мен өзгерістерді оң лебпен қарастырады деген сенімдемін».
Отырыс қорытындысы бойынша басқа да сарапшылар нақты мәселелерге тоқталып, бірқатар ұсыныстар жасады. Сондай-ақ олар талқылау барысында туындаған сұрақтар өз жауаптарын алды.


Жарнама орны (6)
<< Несколько слов по поводу АЭС
Халық саны мен экономиканың өсімі электр қуатын тұтыну көлеміне әсер етеді – Талғат Темірханов >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматинская область и Пекин усиливают сотрудничество: Марат Султангазиев провёл важную встречу в сто
  • Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңыз
  • Бейжің төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
  • В Пекине отметили 100-летие Нургисы Тлендиева
  • Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 22-05-25/15:47 Алматинская область и Пекин усиливают сотрудничество: Марат Султангазиев провёл важную встречу в сто
    • 22-05-25/15:00 Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңыз
    • 22-05-25/14:50 Бейжің төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
    • 22-05-25/14:47 В Пекине отметили 100-летие Нургисы Тлендиева
    • 22-05-25/14:45 Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті
    • 22-05-25/13:18 18 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді
    • 21-05-25/20:04 3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
    • 21-05-25/20:01 Более трех тысяч педагогов прошли курсы повышения квалификации
    • 21-05-25/19:44 Ерте кәсіби бағдар беру – жобада басты басымдық
    • 21-05-25/19:35 Приоритетом проекта является ранняя профориентация
    • 21-05-25/19:30 «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады
    • 21-05-25/18:51 «Келешек мектептері»
    • 21-05-25/15:23 ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
    • 21-05-25/15:10 Стратегия развития казахстанской энергетики и привлечение инвестиций – ключевые темы
    • 21-05-25/13:24 Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі:
    • 20-05-25/19:15 Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады
    • 20-05-25/12:43 «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»
    • 20-05-25/12:35 «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»
    • 20-05-25/12:31 Первый в Казахстане международный форум корпоративных университетов ГМК прошел в Астане
    • 15-05-25/19:36 Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс