Президент мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөз сөйледі. Президент атап өткендей, мәслихат – мемлекеттік биліктің маңызды тармағы. Аймақ жұртшылығының тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы қашанда мәслихат депутаттарының жіті назарында болуға тиіс деді.

Бұдан бөлек, Президент саяси партиялардың қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобалары мен бастамаларына тоқталып, көктемгі алапат су тасқыны кезінде бекем бірліктің үлгісін көрсеткен партиялардың, өзін-өзі ұсынған депутаттардың азаматтық белсенділігіне оң баға берді.

Президент бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумның маңызына тоқталып, оған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі екендігіне тоқталды.  

Сонымен қатар, Президент бақытты балалықтың негізі отбасы институты екеніне тоқталып, ата-аналарды тәрбие мәселесіне салғырт қарамауға шақырды. Әсіресе, ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, керісінше, оларға ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттау қажет екенін айтты. 

Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, бұл бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін және Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын. «Бірлігі бекем ел озады», олай болса,  Президент айқындап берген тапсырмаларды ынтымақ-бірлігімізбен жұмыла жүзеге асырайық.


Қоғамдық пікір көшбасшысы, журналист – К.Ербай


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»