БІЗ ҮШІН ТАРИХИ КЕЗЕҢ БОЛДЫ

    deab9293-fc49-459a-a28a-e1617dbe8476.jpg

    6 қазан күні өткен жалпыұлттық референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіріп, таңдау жасауға мол мүмкіндік берді. Бұл біз үшін тарихи кезең болды.

Референдум учаскесіне барып дауыс берген әрбір сайлаушы елдің энергетикалық тәуелсіздігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін атом энергиясын пайдалану мәселесіне қатысты өз пікірін білдіріп, таңдауларын жасады.  

Бұл саяси додаға бақ дарыған Балқаш ауданының тұрғындары, оның ішінде аналар қауымы да біркісідей атсалысты.

Тарихи кезеңде референдум учаскесіне барып өз таңдауын жасаған ақжаулықты аналардың деншілігі өз отбасындағы балаларымен бірге барып, дауыс бергенін байқадық. Ана мен баланың өзара отбасындағы үйлесімділік табуы елдегі болып жатқан саяси науқанға немқұрайлық танытпағанның белгісі деп түсіндік.

Ел тыныштығы  басты мәселе болса, ол отбасындағы ауызбірліктен басталары сөзсіз.

 

Ғалия Әліпбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының Балқаш аудандық «Аналар кеңесінің төрайымы»


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Тазалық күндері» акциясында...
  • Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
  • 1 мамыр күні Балқаш ауданында кезекті санитарлық тазалық сенбілігі өтті.
  • Өз мәңінде өрнек тапты
  • “Тазалық күндері” акциясы