РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ

07432fdc-3236-4eb2-9505-d551dd56a6c9.jpg

Бұл күн Тәуелсіздікке қарай жол ашып, ел болашағын анықтаған сәттердің бірі ретінде тарихта қалды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік туралы заңын қабылдап, егеменді мемлекет ретінде әлемге жария еткен болса, Республика күні осы тарихи оқиғалардың негізін қалаушы мереке ретінде құрметке ие.

Бүгінгі таңда 25 қазан – елдігімізді нығайтып, мемлекеттілігіміздің маңызын еске салатын мереке. Бұл күн әрбір қазақстандықтың жүрегінде отанға деген мақтаныш сезімін ұялатып, тәуелсіздік жолында жасалған үлкен қадамдарды еске түсіреді. Республика күні – біздің мемлекеттігіміздің бекемдігін, халықтың бірлігін және болашаққа деген сенімін паш ететін мереке.

 Қазақстан егемендігін жариялағаннан бері экономика, саясат, мәдениет саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Халықаралық аренада өзіндік орны бар, көпұлтты қоғамда бейбіт өмір сүріп жатқан тәуелсіз мемлекет ретінде танылып отыр. Республика күні осы табыстардың барлығын еске түсіріп, болашаққа деген үмітімізді арттырады.

Осы орайда, 25 қазан – еліміздің тарихын дәріптеп, Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірлігін құрметтейтін, егемендіктің бастауы болған маңызды мереке.

                                                Рая БҰЛЫБАЕВА, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Comic Con Astana 2026 фестивалінде әлемге танымал косплей шеберлері үздіктерді таңдайды
  • Мировые звезды косплея выберут лучших участников Comic Con Astana 2026
  • Алматыда шахматтан екі халықаралық турнир басталды
  • Два международных турнира по шахматам стартовали в Алматы
  • Казахстан переходит в лигу стран, где правоохранительная деятельность опирается на науку о данных и