ТАРТЫСТЫ ӨТКЕН БЕЛДЕСУ

     0391d381-0fe0-4097-9dbe-968cd5666b0e.jpg

     06 - 08 қараша күндері аралығында аудандық денешынықтыру – сауықтыру спорт кешенінде Грек – рим күресінен 2010-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Грек-рим күресінің дамуына сүбелі үлесін қосқан білікті бапкер, ұлағатты ұстаз Айдархан Сүлейменхановты еске алуға арналған облыстық іріктеу турнирі болып өтті.

Облыс көлемінде ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 13 команда, 190 - ға жуық спортшы  қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп,  өзара жеңімпаздарды анықтады.

Жоғары денгейде өткен спорттық шарада бақ сынаған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балғын балуандары да жүлдеден құр алақан қалмады.

Республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген кіл мықтылар бас қосқан спорттық шараның ақтық сайысында өнер көрсеткен Ақдала орта мектебінің мақтанышы Мадияр Бақтығалиұлы 38 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, ІІ-ші орын иегері атанды.

Сонымен қатар М. Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Асхат Есімғали 100  келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, жүлделі ІІІ-ші орынды еншіледі.

Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, шыдамды да жігерлі, ерекше  күш – қуат сыйлайтын сала ол - спорт.

Ал спортпен тұрақты түрде шұғылданып, жеңіс тұғырынан көрінген адам, кез – келген елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатып, оның жұлдызын жарқыратады.

Сонымен қатар байрақты бәсекелерде жеңіске жетіп, ел – жұртына қуаныш сыйлаған спортшы өзін бақытты санайды.

Олай болса, аудан намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген спортшыларымыздың жеңісті сәттері көп болуына тілектес болайық, 

                                                                    Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады
  • Қазақстан – жыр бесігім, ән ұям
  • Қазақстан – менің Отаным, туған жерім
  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды