Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

balqash 2024-12-02

заман.JPG

    2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

    Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.

заман1.JPG

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оның еңбегінің ұлт тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді:

«Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз».

Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.

                    Кегендегі балалар өнер мектебі

2015 жылы құрылған Кеген ауылындағы балалар өнер мектебі балаларға домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша білім береді. Бүгінгі таңда мектепте 44 педагогтың басшылығымен 890 оқушы білім алуда.

Мектептің бөлімшелері аудандағы 12 елді мекенде орналасқан, бұл балаларға қосымша білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың жетістіктері айтарлықтай: халықаралық байқауларда – 38, республикалық деңгейде – 176, облыстық сайыстарда – 158, аудандық жарыстарда – 82 жүлделі орындарға ие болды.

Мектептің дамуы мен жетістіктері арқылы Кеген өңірінде мәдениет пен өнерді насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.


Жарнама орны (6)
<< В Кегене открыт бюст в честь Заманбека Нұрқадилова
заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
  • Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
  • Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
  • В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
  • Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 15-05-25/19:36 Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
    • 15-05-25/19:34 Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
    • 15-05-25/19:26 Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
    • 15-05-25/19:19 В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
    • 15-05-25/19:15 Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли
    • 15-05-25/19:13 Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған конференция өтуде
    • 15-05-25/18:12 С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге
    • 15-05-25/18:09 Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды
    • 15-05-25/18:06 В Казахстане стартовал Национальный конкурс «Мерейлі отбасы»
    • 15-05-25/18:03 ХАБАРЛАНДЫРУ
    • 15-05-25/17:39 ОБЪЯВЛЕНИЕ
    • 15-05-25/17:38 Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі
    • 15-05-25/17:33 Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді
    • 15-05-25/17:30 МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫН МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТУДЕ
    • 15-05-25/12:35 Уфа қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан халықаралық жарыстар басталды
    • 15-05-25/12:32 Мерейлі отбасы
    • 15-05-25/12:02 Мерейлі отбасы
    • 15-05-25/11:56 ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
    • 14-05-25/13:43 Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
    • 14-05-25/13:40 ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс