мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі

b6e7ef8e-ce20-457d-a83d-4c1f9f6f887e.jpg

        Бақылау іс шараларын жүргізу нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

        ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынатын «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметіне қатысты шағымды қарастырды.

      Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен бекітілген «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.

       Ереженiң 47-тармағына сәйкес жеке көмекшiнiң қызметiне ақы төлеудi жергiлiктi атқарушы органдар кепiлдiк берiлген сома шегiнде жүргiзедi. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де заңды тұлғалардың қаражаты есебінен кепілдік берілген сомадан тыс міндетті әлеуметтік аударымдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей есептеледі және аударылады.

    Осыған байланысты, Департамент тарапынан Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне орындалуы міндетті ұсыныс хат жолдап, өтініш иесіне жәрдемақы тағайындалды, осылайша өтініш иесінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
  • ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі
  • Добровольцы и волонтёры в системе МЧС
  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУ АМАЛДАРЫ
  • КАК АНТИМОНОПОЛЬНЫЙ ОРГАН АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕДОТВРАЩАЕТ ЗЛОУПОТРЕБЛЕНИЕ РЫНОЧНОЙ ВЛАСТЬЮ