Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі артуда

ушеу.JPG

    Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Серікпайұлы баяндады.

Өңірдегі жемқорлыққа қарсы басты құралдардың бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы. Бұл карта тұрғындар көтерген маңызды мәселелерді жүйелеп, шешімін табуға бағытталған. Биылдың өзінде карта негізінде енгізілген 83 ұсыныстың 59-ы орындалып, оң нәтижелер берді.

Спикердің айтуынша,коррупцияға қарсы жұмыстардың маңызды бөлігі ретінде волонтерлік жобалар іске асырылуда. Бұл жоба аясында белсенді азаматтар заңсыздықтарды анықтап, оларды шешу жолында үлкен жұмыс атқаруда. Мәселен, Шонжы ауылдық округінде заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Ал әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат негізінде аурухана дәрігерінің пара алу фактісі әшкереленіп, қылмыстық іс қозғалды.

“Қоғам белсенділерінің бақылауы әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын аяқтауға да ықпал етті. Жамбыл ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысы қараша айында толық аяқталып,пайдалануға берілді”,-деді Болат Серікпайұлы.

Бұдан бөлек,бизнеске қолдау көрсету де департаменттің басты міндеттерінің бірі. «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлерге түрлі кедергілерді еңсеруге көмек көрсетілуде. Іле ауданында кәсіпкерге 3 млрд теңгеге сауда орталығын салу үшін құжаттарын рәсімдеуге кедергілер жасалғаны анықталып, мәселе оң шешілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства принял председателя Японской организации по металлам и энергетической безопасности
  • Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы
  • Глава государства принял президента компании Sumitomo Шинго Уэно
  • Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады
  • Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті