Талғар қаласында маңызды энергетикалық жоба жүзеге асырылды!

1.JPG

    Аудан әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаев Талғар қаласындағы жаңа трансформаторлық станцияның іске қосылу салтанатына қатысып, жұмысын бақылап қайтты.

    Жаңа трансформаторлық станцияның қосылуы арқасында, АО «АЖК» техникалық шарттарына сәйкес, станция №4 тарату станциясына қосылды. Бұған дейін бұл тарату станциясы резервтік кабельмен жұмыс істеген, ал негізгі екі кабелі 4 жылдан астам уақыт бойы апатты жағдайда болған.


2.JPGМердігер ұйымының көмегімен екі кабель толықтай ауыстырылды. Бұл жұмыстардың арқасында аудандық орталық аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы және 2000-нан астам тұрғыны бар оннан астам көпқабатты үйлер тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жаңа трансформаторлық станция алдағы уақытта салынатын 9 қабатты бес тұрғын үйді үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


#ТалғарАуданы #Энергетика #Инфрақұрылым


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дала дәмі» жәрмеңкесі – береке мен бірліктің бастауы
  • Жаңа Конституция-ел тірегі
  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан