“АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ”

“Апат айтып келмейді” демекші, Ақтау қаласының маныңдағы Әзірбайжанның ұшақ апаты бәріміздің қабырғамызды қатты қайыстырды. Көптеген азаматтардың қайтыс болғанын естіп,енді мұндай апат келешекте орын алмаса екен деп іштей тілек тіледік.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тікелей бақылауымен қазақстандық тарап халықаралық тергеу ісіне қатысты шешімдер қабылдады.Ұшақ апаты кезінде біздің азаматтарымыздың дер кезінде көрсеткен алғашқы көмегі адам шығынының өсуіне жол бермеді. Осындай адамгершілік тұрғысындағы іс-қимылы жұмыр жердің халқына тарап кетті.Қиын-қыстау кезде осындай қарекет жасаған қазақстандықтарға Әзірбайжан халқы да алғаусыз алғыстарын арнап жатыр. Бұл жағдай бүкіл әлемге Қазақстанның  халықаралық қауымдастықтағы жауапкершілігін нақтылады десек артық айтпаған болар едік.

   Халқымыз әу бастан қара жамылған үйге,қиындықта қалған отбасыға жанашырлық танытып,көмек қолын созған. Сол асыл қасиет жылдар жылғасымен бірге жасап келе жатқаны жанымызға медеу болады.

      Ұшақ апатының салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына ауыр қазаға ортақтасып, көңіл айтамыз.

               Күмісбек Ербаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дала дәмі» жәрмеңкесі – береке мен бірліктің бастауы
  • Жаңа Конституция-ел тірегі
  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан