ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҮЕҰ өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынуға шақырады!

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын еске саламыз. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсын-ылады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мем-лекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ Дерекқорында болу ұйымдарға ҮЕҰ-ның табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсын-ылады.

Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына аласыз:

1) ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады);

2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер Үйі», 14-кіреберіс).

ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталына кірген кезде Сіз порталмен жұмыс істеу бойынша қадамдық алгоритм берілген нұсқаулықпен таныса аласыз.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Алматы облысы «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства принял председателя Японской организации по металлам и энергетической безопасности
  • Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы
  • Глава государства принял президента компании Sumitomo Шинго Уэно
  • Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады
  • Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті