Алматы облысында ұлттық жоба аясында 38 медициналық мекеме салынады

ef7145e9-c19c-43ec-a12f-0ee20ea1d9e0.jpg

    Алматы облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 38 медициналық мекеме салынады. Бүгінгі таңда жалпы құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 38 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.   Атап айтқанда,   Балқаш,  Ұйғыр,  Жамбыл,  Кеген,  Іле және Қарасай аудандарында салынатын нысандардың тізімі бекітілді. 


Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлының айтуынша, жыл басында 16 нысан пайдалануға беріледі.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Жамбыл ауданы Ащысу ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын. Енді қаңтар айында  5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 дәрігерлік амбулатория және 5 медициналық пункт қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының  90-95%  аяқталды», - деді басқарма басшысы.


Сонымен қатар, Кеген ауданында 8  блокты-модульдік кешеннің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ереуіл, Ақсай, Кенсу, Жіңішке, Темірлік, Мойнақ, Көкпияз және Мыңжылқы ауылдарында 2025 жылдың 1 тоқсанына дейін аяқтау жоспарлануда. 


Бұдан басқа, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында және Райымбек ауданының Нарынқол ауылында, Үштерек ауылында, Қарасай ауданының Абай ауылында, Райымбек ауданының Тегістік ауылында, Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылындағы емханаларда яғни, 6 медициналық мекемеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


 Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Еңбекшіқазақ, Балқаш және Райымбек аудандарында 3 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған болатын. Сонымен қатар 2024 жылы 4 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Касым-Жомарт Токаев проинформировал участников встречи о масштабных реформах, реализуемых в нашем го
  • В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
  • Абыз –Баба ӘЛМЕРЕК ЖАНШЫҚҰЛЫНЫҢ368 жылдығы және Қымызмұрындық -2026 мәдени –көпшілік, спорттық іс –
  • Заң мен тәртіп
  • Заң мен тәртіп