Ауқымды құрылыс жылы: Премьер-министр жаңа зауыттар, тұрғын үй және инфрақұрылым туралы мәлімдеді

d14fd7ce-4e00-42f2-941e-fc0312ae1f62.jpg

2024 жылы елімізде 29 ірі зауыт салынды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады.

Мысалы, Қостанай облысында шойын құю, Алматы облысында вольфрам және жылу оқшаулағыш материалдар, Шымкентте бағалы металдарды өңдеу, Қарағанды облысында катодты мыс, автомобиль шиналары мен тұрмыстық техника шығаратын өнеркәсіптік нысандар салынды. Саран қаласында заманауи өндірістердің іске қосылуы оның моноқалалар санатынан шығуына мүмкіндік берді.

Сондай-ақ алғаш рет елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 397 денсаулық сақтау нысаны, 298 білім беру нысаны бой көтерді. 11 мың орынға арналған 40 студенттік жатақхана пайдалануға берілді. 12 мың шақырым автомобиль жолдары және 2,8 мың шақырым теміржол жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында 3 жаңа терминал пайдалануға берілді.

 Қосымша 300 мыңнан астам адам газбен қамтылып, 200 мыңнан астам адам орталық су жүйесіне қосылды. 542 шақырым жылу желілері мен 55 жылу көзі жаңғыртылып, 6,5 мың шақырым инженерлік желілер жөнделді. Жалпы қуаты 700 МВт-тан асатын қосымша электр қуатын өндіру көздері іске қосылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУ АМАЛДАРЫ
  • КАК АНТИМОНОПОЛЬНЫЙ ОРГАН АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕДОТВРАЩАЕТ ЗЛОУПОТРЕБЛЕНИЕ РЫНОЧНОЙ ВЛАСТЬЮ
  • Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылдың 1-тоқсанындағы аудиторлық қорытындылары
  • Компания LuLu заинтересована в реализации совместных проектов с казахстанскими производителями
  • LuLu компаниясы қазақстандық өнімге қызығушылық танытты