МЕХАНИЗАТОР МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

1d170fa9-8d81-480b-8dab-e630e5d167e0.jpg

 Мемлекет басшысы Қасым – Жомарат Тоқаев биылғы жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп белгіледі.

Ал аграрлы ауданымыздың ауылшарушылық саласының тасын өрге домалатып, дала төсін дүбірге бөлеп жүрген қарапайым да мәртебелі жұмысшы мамандық иелерінің бірі — механизаторлар.

   Қызу еңбектің көрігін қыздырып,  еңбектің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген тракторшылардың еңбегі қай мезгілде болсын ерекше саналады.  Солардың бірі — жастайынан тракторды тізгіндеп, өмірінің саналы жылдарын еңбекпен шындалған  Бақдәулет Әлиахметов десек артық айтпағанымыз болар сірә.

Ол өзінің саналы өмірінің баққандай 44 жылын механизатор мамандығына арнап,  жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында нағыз еңбектің көрігін қыздырып келеді.

Әрине, әр саланың өзіндік қиындығы мен қызығы болады. Өзінің айналысып жүрген кәсібінің хас шебері болу әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен басталады.

  Өмірден түйген өнегесі мол еңбек адамын ардақтап,  оның өмірлік тәжірибелерінен үлгі - өнеге алу, кім-кімге де болсын мол мағұлмат.  

                                                   Өз тілшімізден.

   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
  • Алматинская область наращивает темпы аграрного роста благодаря господдержке
  • «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман».