Алматы облысында соңғы 5 жылда 246 кәсіпорынның техникалық құрылғысы жаңартылған

ca43fc14-0385-4efa-9a79-f39217385874.jpg

    Алматы  облысыны  аумағында өндірістік нысандарды қайта жаңарту деңгейі төмен. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Ринат Рахимбулеков айтты. 

    Депаратмент бақылауында облыс бойынша 577 кәсіпорын мен 1889 нысан бар екен.  Биылғы жылы 12 бірдей өндіріс ошағының 38 бірлік қауіпті техникалық құрылғыны ауыстыру жоспарланған.  Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлде қайда төмен, дейді Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Ринат Рахимбулеков.

    «Өткен жылы 8 кәсіпорында 112 қауіпті техникалық құрылғыны жаңарттық. Биылғы жылы бұл көрсеткш 66 пайызға төмен. Департамент жүргізген талдау деректері бойынша 5 жыл ішінде 246 объектіге  техникалық қайта жарақтандыру жүргізілді, бұл облыстың қауіпті өндірістік объектілерінің жалпы санының 15% -ын  ғана құрайды»,-деді спикер. 

    Ринат Қажымұратұлының айтуынша, кәсіпорын басшылары әрқашан өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін шешуге жіті назар аудара бермейді. Соның салдарынан, техникалық құрылғылар уақытылы ауыстырылмай, арты оқыс оқиғаға әкеледі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите