️Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге шақырды

e968415f-b0c8-4eeb-bd88-1501774d58bf.jpg

    «Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. 

    Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ. Ал бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық. 

    Мұны ел ішінде жаппай қолдау тапқан жасампаз құндылықтардың жарқын көрінісі, халқымыздың игі істерге деген ұмтылысы деп түсінген жөн. Осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіремін. 

    Тазалық мәдениетін қоғамда терең орнықтыру – өте маңызды міндет. Осы бағытта Үкімет экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге тиіс. Бұл жұмыс мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін барлық деңгейдегі білім мекемелерін қамтуы қажет».

t.me/aqorda_resmi


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Страны, соблюдающие закон и порядок, входят в число самых безопасных государств мира — Женис Касымбе
  • Халық Кеңесі арқылы қоғамның кең топтарын саяси өмірге тарту мүмкіндігі туады
  • Народный Совет будет способствовать вовлечению общества в политическую жизнь страны
  • Ата Заңға стратегиялық бағдар: ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін
  • Стратегический ориентер для Основного закона: научная свобода может быть закреплена на конституционн