Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ететін, халықтың сеніміне ие болуды мақсат тұтатын жауапты әрі маңызды сала. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен адалдығы – елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Бүгінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі үшін ашықтық, есептілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кадрлардың меритократиялық жолмен іріктелуі басты назарда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында мемлекеттік қызметшілердің жаңа форматтағы кәсіби мәдениетін қалыптастыруды міндеттеді. Бұл – ел мүддесі үшін еңбек ететін әділ әрі жауапты мемлекеттік аппарат құруға бағытталған қадам.
Мемлекеттік қызметші – ел алдында жауапты тұлға. Сондықтан да бұл салада жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті, кәсібилікті және адалдықты талап етеді. Ол әрқашан заңды басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға міндетті. Қызмет бары-сындағы адалдық, тәртіп пен жауапкершілік – бұл саладағы басты қағидаттар.
Жастарды мемлекеттік қызметке тарту да бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осы мақсатта мемлекеттік басқару мектебі, "Болашақ" бағдарламасы және Президенттік жастар кадр резерві сияқты бастамалар іске асырылып жатыр. Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметке келетін жастардың қатары артып келеді. Бұл – мемлекетке деген сенім мен азаматтық жауапкершіліктің көрсеткіші. Қоғамдағы оң өзгерістер мен тиімді реформалардың жүзеге асуы – кәсіби мемлекеттік қызметшілердің қажырлы еңбе-гімен тығыз байланысты.
Сондықтан мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет, ал сол мін-детті адал атқару – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты борышы.
Ш.Абишева, Желтораңғы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.


