Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның ау-мақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстаным-дардың бірі
Жалпы мемлекеттік көр-сетілетін қызмет дегеніміз не?
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құ-қықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеумет-тiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп бе-рушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол-жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетіл-діру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік. «Балқаш ауданы Береке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Береке ауылы, Д.Қонаев көшесі № 11/1 мекен жайда орналасқан. Аппарат ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін көрнекі жерге жеке және заңды тұл-ғаларға мемлекеттік көрсе-тілетін қызметтер қағидалары жазылған ақпараттық тақта ілінген. Әкімдікте 4 түрлі мем-лекеттік қызмет көрсетіледі. Жалпы 2024 жылы әкімдік тарапына мемлекеттік қызмет көрсетуде азаматтардан арыз-шағымдар түскен жоқ.
Әкімдік тарапынан көр-сетілетін 4 мемлекеттік қыз-меттің бірі: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру». Аталған қызмет www.egov.kz «электрондық үкі-меттің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электронды түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: «Көрсетілетін қызметті беру-шінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту». Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері-тегін.
Мемлекеттік қызмет көр-сету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәлан-дырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кад-астрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Қазақстан Республи-касының заңнамасында белгі-ленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көр-сетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған дер-ектердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған мат-ериалдардың, деректердің жә-не мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тар-мағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдар-дың теріс қорытындысы.
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі ту-ралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
«Береке ауылдық округі әкімі аппараты».


