Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге арналған негізгі құжат деп айтса да болады.
Көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапқан Мемлекет басшысының тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну, азаматтардың өтініштерін, шағымдарын жедел әрі тиімді қарастыру және қойылған сұрақтардың шешілуін қамтамасыз ету, қызмет алушының қанағаттану деңгейін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізу барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндеті.
Ағымдағы жылдың 9 айында Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарымен 8 014 515 (8 млн. астам) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 1) қызмет берушінің кеңсесі арқылы – 239 915 (2,9%); 2) электронды түрде – 7 924 114 (96,3%); 3) Мемлекеттік корпорация арқылы – 64 424 (0,8%).
Департаментпен 25 бақылау іс шаралары өткізілген, оның ішінде: жоспарлы тексеру – 10, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша – 10, заңнаманың сақталуын бай-қау нәтижесі бойынша – 1, Агенттіктің тапсырмасы бойынша – 1, өзге мемлекеттік ор-гандардың ақпараттары бойынша -1.
Тексеру нәтижелерінде жал-пы 9 019 бұзушылық анық-талған (оның ішінде ОМО АБ – 2 957 факті, ЖАО – 6 062 факті. Жалпы санынан құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қызмет көрсету – 47, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 91 факті, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 5 918 факті, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 49 факті, өзге де бұзу-шылықтар – 2 505 факт). Тексеру нәтижесінде 22 ұсыну енгізілді (100% орындалды).
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңна-маның сақталуына сыртқы байқау (қашықтықтан бақылау) жүргізу нәтижесінде 6 237 бұзушылық анықтал-ған (оның ішінде: ОМО АБ – 1 778 факті, ЖАО – 4 459 факті. Жалпы санынан қызмет көрсету тәртібін бұзу – 4 111 факті).
Мемлекеттік қызмет көр-сету сапасына қатысты 526 өтініш келіп түскен. 14 өтініш бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілген. Тексеру арқылы 80 қызмет алушының (10 арыз бойынша және 1 байқау нәтижесі бойынша), сұрау салу тәртібімен (тексерусіз) 14 қызмет алу-шының, телеграм бот ар-қылы 3 қызмет алушының, қашықтықтан мониторинг ар-қылы 366 қызмет алушының, барлығы 463 қызмет алу-шының құқығы қалпына келтірілген, оның ішінде 1 шаруа қожалығына 1 жарым млн. теңге көлемінде субсидия төленді.
Келіп түскен шағымдардың басым көпшілігі жергілікті атқарушы органдары қызмет-керлерінің іс-әрекеттеріне (80,9% немесе 352 шағым) ке-ліп түскен.
Өтініштердің басым көп-шілігі жер қатынастары (63,4% немесе 276 өтініш), сәулет және қалақұрылысы (16% немесе 70 өтініш) салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты түсетіні анықталды. Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін 58 әкімшілік хаттама (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 465-б. 1-б. – 24, 2-б. – 8, 3-б. – 26 ) толтырылған (қысқартылған тәртіпте), 3 971 320 теңге кө-лемінде айыппұл салынған (то-лық көлемде төленген).
Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұй-ымдардың 163 қызметкері тартылған (ЖАО – 146, ОМО АБ – 17). «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 9 жобасы жарық көрген. «Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасының 3 семинары өткізіліп, 78 тыңдау-шы қатысқан.
Мемлекеттік қызмет көр-сету мәселелері бойынша ве-домствоаралық жұмыс тобы-ның 3 отырысы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 19 ұсыныс берілген.
Мемлекеттік қызмет көр-сету мәселелері бойынша 47 түсіндіру іс-шаралары өткізіл-ген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арттыру мақсатында бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 21 ұсыныс енгізілді.
Нұрсұлтан Сейдалиев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы.


