
Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Бұл өнегелі іс ықылым заманан бері атадан - балаға жалғасып келе жатқан халқымыздың қасиетінің бірі.
Қазыналы қариялардың ел игілігі үшін атқарып жатқан жұ-мыстарына жоғары баға беріп, оларға құрмет көрсету мақсатында осы аптада облыс орталығы Қонаев қаласында облыстық Ардагерлер кеңесінің жылдық қорытынды жиыны ұйымдастырылып, бірқатар қариялар марапатталды.
Салтанатты жиында Береке ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ясым Мақсұмовқа Алматы облысының «Құрметті ардагері» атағы табысталды. Сонымен қатар Үшжарма ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Күлғаиша Бекжігітова мен Аралтөбе ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Зора Мамекеева облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетовтың Алғыс хатына ие болды.
Өз тілшімізден.


