Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді – Эльвира Азимова

лао.png

Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова Қазақстанның жаңа Конституция жобасының маңыздылығына және оның ел дамуы үшін стратегиялық рөліне тоқталды.

 

«Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы. Ол мазмұнына, құрылымына және баяндау логикасына қатысты жалпыға бірдей танылған халықаралық конституциялық тәсілдерге сәйкес қалыптастырылады», – деді Эльвира Азимова.

 

Сондай-ақ ол Ата Заңда мемлекеттік саясатқа, қоғамның дамуына қатысты негізгі қағидаттармен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер де бекітілетінін атап өтті.

 

Комиссия төрағасы өз сөзінде Конституция нормаларын неғұрлым егжей-тегжейлі реттеу, әдетте, заңдар деңгейінде жүзеге асырылатынын айтты. Бұл - Негізгі заңды әзірлеудегі жалпыға ортақ тәжірибе.

 

Эльвира Азимова Конституция жобасында бекітілген өзгермейтін құндылықтарға да ерекше назар аударды.

 

«Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық және республиканың басқару нысаны өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылған», – деді ол.

 

Эльвира Азимова атап өткендей, Комиссияның келесі отырыстарының бірінде Конституция жобасының өтпелі ережелеріне қатысты нормалар, яғни нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мерзімдері мен қазіргі Парламент пен тағайындалған лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерінің мерзімдері талқыланбақ.

 

Комиссияның келесі отырысының өтетін күні қосымша хабарланатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестиции и инфраструктура: Премьер-министр провел заседание Совета по развитию Alatau City в рамка
  • Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қал
  • Айдос Сарым: Конституциялық реформа — ел тарихындағы маңызды миссия
  • Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституция жобасын талқылады
  • Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді – Эльвира Азимова