Бүгін Жамбыл ауданында «Заң және тәртіп» қағидасы

ьыл.pngяьр.png

Бүгін Жамбыл ауданында «Заң және тәртіп» қағидасы аясында Жамбыл аудандық жастар 

ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде 

«Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.


????‍♂️ Кездесуге Жамбыл аудандық полиция басқармасының қылмыстық құқық бұзушылықтардың

 алдын алу бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Нурумов 

Асқар қатысып, жастарға заң талаптары, жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі, құқық 

бұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


???? Іс-шара барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, 

сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну маңызды екені айтылды.


☝️ Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың 

құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОПИМ ВДОЛГУЮ: ДОЛГОСРОЧНЫЕ ТЕНГОВЫЕ ВКЛАДЫ КАЗАХСТАНЦЕВ ВЫРОСЛИ БОЛЕЕ ЧЕМ НА 8%
  • Қызылша 7,2 есеге азайды: бірақ балаларға төнген қауіп әлі де жоғары
  • Сообщение о границах участков для голосования, составе, месте нахождения, и времени работы избирате
  • Балқаш ауданы бойынша дауыс беру учаскелерінің шекаралары, сайлау комиссияларының құрамы, орналасқ
  • Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайла