Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда нақты көрс

щг.png

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында айтты. Ол теңгенің тек ақша айналымының негізі ғана емес, сонымен бірге оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін эмиссиялық орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рөлін Конституцияда нақты көрсету қажеттігін атап өтті.

Оның пікірінше, Ата Заңда цифрлық қаржы құралдары мен виртуалды активтердің дамуын ескере отырып, ұлттық валютаны нақты көрсету маңызды. Сондықтан ол бұл норманы конституциялық деңгейде бекітуді қажет деп есептейді.

«Ұлттық валютамен қатар эмиссиялық органның да айқындалуы экономикалық өзгерістерге төтеп бере алатын тұрақты қаржы жүйесінің негізін қалайды. Осыған байланысты «Конституциялық құрылыс негіздері» деген
1-бөлімде теңгенің мәртебесін төмендегідей редакцияда бекіту ұсынылады: «Қазақстан Республикасының ақша бірлігі, ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне теңге эмиссиясының айрықша құқығы тиесілі», – деді депутат.

Осылайша, Сабильянов комиссия мүшелерін ұлттық валютаның қорғалуы мен қаржы жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге шақырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ