Аудандық кітапхананың оқу залында «Конституциялық реформа:

K,.png

Жаңа Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – Конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру, Жаңа Қазақстан тұжырымдамасының құқықтық негіздерін талқылау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Дөңгелек үстелге кітапхана оқырмандары, жастар, мекеме қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты.

Шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, олардың ел дамуына әсері, заң үстемдігін нығайтудағы рөлі кеңінен сөз болды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ашық форматта ой алмасты. Сонымен қатар, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы азаматтардың жауапкершілігі мен белсенділігінің маңызы атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Іс-шара мазмұнды өтіп, қатысушыларға құқықтық білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды