Коалиция мүшелері Бояулы ауылының тұрғындарымен кездесті

lv.pngld.png

ld.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының 

мүшелері Балқаш ауданындағы  жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. 

Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар 

дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Кадирбек Омаров бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа 

тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне

 қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық 

негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еліміз үшін маңызды
  • Қазақстан Республикасындағы 2026 жылғы шілде айындағы инфляция
  • Инфляция в Республике Казахстан в июле 2026 года
  • В ходе телемоста первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев, аким Актюбинской области Асх
  • Телекөпір барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі