Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатау city жобасын жүзеге асыру – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін

1.png

«Сөз соңында мына мәселеге тоқталғым келеді. Қаланы көркейту жұмысы кешенді түрде жүргізілуге тиіс. Бұл – Қазақстанның барлық қалаларына қатысты міндет.

 

Арнайы басқару режимін енгізу, инвестицияны қорғау және қажетті инфрақұрылымды дамыту ісін бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Бұл бағыттардың бәрі өте маңызды.

 

Мысалы, бастапқы инфрақұрылым болмаса, инвестиция қорғалмаса, халықаралық инвесторлар мұнда келмейді. Бұл айқын нәрсе. Арнаулы құқықтық режим болмаса, инновациялық тәсілдерді енгізе алмаймыз.

 

Шын мәнінде, Алатау city жобасын жүзеге асыру – тұрмыс сапасы және іскерлік ортасы ең жоғары әлемдік талаптарға сай келетін озық қала салу деген сөз.

 

Бұл – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс. Сондықтан біз тыңғылықты, тиянақты, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Құр қағаз жүзіндегі есептің еш қажеті жоқ.

 

Бәрімізге керегі – бір-ақ нәрсе: бұл – нақты нәтиже. Қажетті жағдайдың бәрі жасалып жатыр. Тиісті құқықтық негіз бар, ресурс та жеткілікті. Енді барлығы алдағы міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуына тікелей байланысты болады. Әрбір бағыт бойынша жеке жауапкершілік жүктеледі.

 

Осы ауқымды жобаны бірлесіп, табысты жүзеге асырамыз деп сенемін».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тұрғын үйлер "Отбасы банк" арқылы берілуде
  • Алатау-болашақтың қаласы
  • Алматы облысында жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігіне басымдық беріледі
  • «Бас құжатымыз адами құндылықтар мен заң нормаларының жиынтығы ғана емес, ел дамуының қозғаушы күші
  • «Проект Алатау – это наш шанс построить город, отвечающий самым высоким мировым стандартам качества