«Құрдастар арасындағы қарым-қатынас құрметтен басталады»

IMG_0354.jpeg

Мектебімізде педагог-психологтің ұйымдастыруымен «Құрдастар арасындағы қарым-қатынас құрметтен басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластықты нығайту, бір-бірін тыңдай білуге, түсіністік танытуға және келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге үйрету.

Кездесу барысында оқушылар достық, жеке шекараны құрметтеу және сөздің адам көңіліне әсері туралы пікір алмасты. Өз ойларын ортаға салып, құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатудың жолдарын талқылады.

Шара барысында өзара түсіністік, әдептілік пен сыйластықтың адам арасындағы қарым-қатынастағы маңызы ерекше атап өтілді.

Бір-бірімізді тыңдап, түсіністік танытып, әрдайым құрмет көрсете білейік!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Эстафеталық ойын – денсаулық кепілі
  • «Құрдастар арасындағы қарым-қатынас құрметтен басталады»
  • «Сөз өнері» апталығының салтанатты ашылуы өтті
  • Жолдау – ел дамуының маңызды бағдары
  • «Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды