«Біз біргеміз!»

«Біз біргеміз!»

Өңіріміздегі жас еріктілердің бастауымен Бақанас ауылындағы бірнеше отбасы азық-түлік пен бетпердемен қамтамасыз етілген болатын-ды. Аталмыш акция аясындағы игі шара осы аптада да өз жалғасын тауып, аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлерлері Бақанас ауылы тұрғындарына тағы да тегін бетперделер таратты. 

Аудан тұрғындарын бүкіл әлем күресіп жатқан коронавирус індетінен сақтау мақсатында осы бетперделерді таратып, халықтың денсаулығына алаңдаған жастардың ұйымдастырып отырған бұл шарасы алғаш рет емес. Аудан жастары үнемі кез-келген игі шаралардан тыс қалмай, қолдан келген көмектерін аямауда. Жарқын болашағымыздың кепілі саналатын осындай жастарымыз барда  бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенеміз!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен ел бірлігінің негізі
  • Цифрлық экономика және жасанды интеллект дәуірі
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында
  • Алматы облысында тұмауға қарсы 160 мың доза вакцина дайындалды
  • «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында семинар өтті