Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Құрметті Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері!

balqash 2020-06-17

Құрметті Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері! 

IMG-20200617-WA0001.jpgСіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Бүгінгі күнгі заманауи қоғамның өмір сүру деңгейі мемлекеттік басқару жүйесінің басты элементі - мемлекеттік қызметке байланысты.

Елімізде тәуелсіздік алған күннен бастап халық пен мемлекетке қызмет етуді бәрінен биік қоятын, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға баса назар аударылып келеді.

Осы жылдар ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінде үш реформа жүргізілді. Олардың барлығы мемлекеттің өзгеруі мен мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуына тікелей байланысты.

Мемлекеттік қызметті институционалдау - Тұңғыш Президенттіміздің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы заңдық күші бар  «Мемлекеттік қызмет туралы» №2730 Жарлығынан бастау алды.

Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметтің қағидаттары, лауазымдар иерархиясы, қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері белгіленді, құқықтық мәртебесі анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізілді.

Дамудың келесі кезеңі 1997 жылғы 1-ші қазандағы «Қазақстан – 2030» Стратегиясын бекіту болды, оның барысында кәсіби үкіметті қалыптастыру ұзақ мерзімді басымдылық болып анықталды. Бұл міндет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды қабылдауымен іске асырылды. Яғни, бұдан былай мемлекеттік қызметшілердің іс-қимылын реттейтін дербес Заң пайда болды.

Бұған қоса, мемлекеттік қызметтің абыройын асқақтатып, қызметшілердің мотивациясын арттыру және оларға ерекше мәртебе беру үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы                                             20 желтоқсандағы Жарлығымен 23 маусым күні «Мемлекеттік қызметші күні» болып жарияланды. Сол жылы Елбасының актісімен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі енгізілді. Төсбелгі кемінде 15 жылдық мінсіз еңбек өтілі бар, және мемлекеттік қызметтің дамуына үлкен үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерге беріліп келеді. Бүгінгі күнге дейін облысымызда 26 мемлекеттік қызметші осы белгімен марапатталды.

Дамудың үшінші кезеңі «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдаудан бастау алды. Стратегияның мақсаттарына қол жеткізу барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданды. Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде  2015 жылдың соңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңы қабылданды. 

Оның негізгі жаңашылдығы мемлекеттік қызмет жүйесінің аралас «позициялық мансаптық» моделінен «мансаптық» модельге өтуі болды. Сондай-ақ, кадрларды даярлау және ілгерілету жүйесі жетілдірілді, персоналды басқарудың қазіргі заманғы құралдары енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамы арттырылды. 

Осындай жүйелі реформалардың нәтижесінде бүгінде мемлекеттік қызметте меритократия, тиімділік пен қоғамға есеп берушілік қағидаттарына негізделген, бірегей модель құрылды.

Тарихқа көз жүгіртсек, дана халқымыздың «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөзі бар. Сондықтан, ұлт мәртебесін көтеріп, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

Осы орайда, өркениеттің өріне қадам басқан мемлекетіміздің ең басты тірегі, оның саясатын алға ілгерілетуші – Сіздерді, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасылық амандық, береке-бірлік және зор денсаулық тілеймін! Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!



                               Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері    

                         агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы - Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызы


















Жарнама орны (6)
<< О назначении на 12 августа 2020 года выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан
Уважаемые государсьвенные служащие Алматинской области! >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
  • ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 13-06-25/13:41 ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
    • 13-06-25/13:02 ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
    • 13-06-25/12:56 ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
    • 13-06-25/12:44 АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    • 12-06-25/18:07 ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
    • 12-06-25/18:04 Казахстан сохраняет свой рост ВВП
    • 12-06-25/17:54 Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда
    • 12-06-25/17:51 Один из крупнейших логистических объектов страны строится в Талгарском районе
    • 12-06-25/17:48 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
    • 12-06-25/15:03 ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
    • 12-06-25/15:02 Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті
    • 12-06-25/15:00 Абрикосовый бум: в Алматинской области впервые прошёл Apricot Fest
    • 11-06-25/21:13 "Келешек мектептері" жобасы – Алматы облысында білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі
    • 09-06-25/20:27 Балалардың жазғы демалысы
    • 09-06-25/18:02 Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді
    • 09-06-25/18:00 В Уйгурском районе усилен контроль за строительством медобъектов
    • 09-06-25/17:58 Райымбек ауданындағы бөгет құрылыстарындағы заңбұзушылықтарды тексеру тапсырылды
    • 09-06-25/17:55 Поручено разобраться с нарушениями на строительстве плотин в Райымбекском районе
    • 09-06-25/17:53 Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды
    • 09-06-25/13:21 Аким Алматинской области поручил наказать недобросовестных подрядчиков

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс