МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ САРАПШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ

 САРАПШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

прпопрп.jpg

адаада.jpg

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басшылығы, сондай-ақ “Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты” ЖШС ұжымы қатысты.
Институттың қызметі туралы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев айтып берді. Ол институттың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне, 2020 жылы жүргізілген жұмыстарға, зерттеу нәтижелері мен 2021 жылға арналған жоспарларына ерекше тоқталды.
Талқылау барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Шойкин бұл ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен алғашқы танысу кездесуі екенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар бірқатар ұсыныстар айтып, елдегі этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстың барлық бағыттары бойынша тұрақты сындарлы диалогты барынша қолдауға дайын екендіктерін білдірді



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  • Казахстан и Кыргызстан укрепляют в сфере ЧС
  • Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласын нығайтуда