БІР ЕЛ – БІР ХАЛЫҚ – БІР БОЛАШАҚ

a72349a7-eda0-4050-98d8-b35e1ce76d8a.jpeg

   7fc43293-07d9-4594-82af-45c6ca999d38.jpeg

   25 қазан – Республика күніне орай аудандық Мәдениет үйінде «Бір ел – бір халық – бір болашақ» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Еліміздің еңсесін тіктеп, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтқан айтулы мереке аудан тұрғындарының басын қосып, елдік пен бірлікті ұлықтаған ерекше кешке ұласты.

Мерекелік іс-шараның шымылдығын ашқан аудан әкімі Азат Құтпанбетов жиналған көпшілікті Республика күнімен құттықтап, халқымыз үшін бұл мерекенің маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды марапаттап, олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсетті.

Ел игілігі жолындағы еселі еңбегімен ерекшеленген азаматтарды марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концертке кезек берілді. Аудан өнерпаздары дайындаған мазмұнды концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сахна төрінде

 тамылжыта ән шырқалып, күмбірлете күй төгілді. Мың бұрала билеген бишілердің өнері мен әсем әуендер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Өнерпаздар ұлттық өнерімізді ұлықтап, мерекенің мәнін айшықтай етүсті. Әрбір өнер көрсетілімінен туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет пен бірлікке деген ұмтылыс айқын сезілді.

Осылайша, Республика күніне арналған мерекелік кеш елдік рухты асқақтатып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.        Бірлігі бекем, болашағы жарқын ел болуды мұрат еткен жұртшылық үшін бұл күннің орны ерекше. Өйткені Республика күні  – азаттықты ардақтап, мемлекеттілігімізді дәріптейтін, елдігімізді еңселендіретін қастерлі мереке.

#RepublicDayKazakhstan ,  #Республикакүні, #Балқаш ауданы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев:
  • «Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын, жалпыұлттық сипаты бар бірегей мереке.
  • Мемлекет басшысы:
  • Қасым-Жомарт Тоқаев:  
  • Касым-Жомарт Токаев: