ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

62a03dac-6d38-48e4-9ccb-ee8470c80e03.jpg

Қараша айының 14-16 күндері аралығында аудан орталығында  2009-2010 жылдары туған  жасөспірімдер арасында баскетболдан Алматы облысының чемпионаты өтті.

Аталмыш бәсекеге Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  ұлдар және қыздар командасы қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ ұлдар командасы 6 команданың ішінен 2-ші орынға ие болса, ал қыздар құрамасы 6 команданың  ішінен 1-ші орынға ие болып, мәртебемізді асқақтатты.

Бәсеке  барысында қол жеткізілген жетістіктер аудан үшін бұл үлкен көрсеткіш.

Тартыста өткен жарыс соңында үздік ойын өрнегін көрсеткен Нұрқасым Санжар, Саин Алижан, Ғалымқызы Жұлдызай ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.

Марапаттау барысында жүлделі командалар баға-лы сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақыттарда оқушы спортшыларымызға сәттілік тілейміз. Олардың үздіктер қатарынан көрінуіне жаттық-тырушылары Төлепбергенов Амангелді мен Елгелді Елдар-дың еңбектері  атап өтуге тұрарлық.

Ауданның абыройын асқақтатып жүрген жерлестерімізге тек жеңістер тілейміз.

                                                                                                              Өз тілшімізден.

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КАЗАХСТАНСКИЕ СТРЕЛКИ НА 20 АВГУСТА ЗАВОЕВАЛИ 7 МЕДАЛЕЙ.
  • Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады
  • Қазақстан – жыр бесігім, ән ұям
  • Қазақстан – менің Отаным, туған жерім
  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.