
2026 жылғы 5 қазан – 5 қараша аралығында Балқаш ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шараларын күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар беруде.
Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!
Отбасымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайық!
Қауіпсіздік – әр үйден басталады!
А.А.Абдрахманов, Балқаш АПБ ҚҚБ-нің бастығы, полиция подполковнигі.


