AMANAT: Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті

71cdf0f9-e88f-4cac-99b4-a2570f893ee1.jpg

Жер көлемі 3 500 гектарды құрайды

Бұл туралы AMANAT партиясы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды.

ffff88af-d1cd-474e-85f5-df9be67cb217.jpg

Өңірге жұмыс сапарымен келген партияның Атқарушы хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Еңбекшіқазақ ауданында болып, Масақ ауылдық округінің тұрғындармен және шаруа қожалық иелерімен кездесті.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Іле-Алатау Тур» ЖШС-нен №03-044-184-002 кадастрлық нөмердегі аумағы 3 500 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы атақты «Асы жайлауы» деп аталатын жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын жария етті.

«Асы жайлауы мемлекет меншігіне Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы №907 қаулысымен қабылданды. Сондай-ақ Бұғыты қыстауында 2,4 мың гектар ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің қайтарылды», - деді ол.

Айта кету керек, биыл Алматы облысында игерілмей жатқан 213.5 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Райымбекском районе с участием молодёжи прошла экологическая акция
  • Райымбек ауданында жастардың қатысуымен экологиялық акциясы өтті
  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
  • Алматы облысында 103 қызметіне 403 мыңнан аса қоңырау түскен
  • Алматы облысында 103 қызметіне 403 мыңнан аса қоңырау түскен