Бізді жарқын болашақ күтіп тұр

c4a20f51-be2e-40fa-adad-8fd0115730e8.jpeg

Жаңа Конституциясының қабылдануы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиғалардың бірі болып қалды. Иә,шыныменде нақ солай.Өйткені Ата Заң – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын және мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қағидаларын белгілейтін басты құжат болып саналады.

     Бұл тұрғыдан ой жүйелер болсақ,жаңа Конституцияда адам және оның құқықтары - басты құндылық ретінде көрініс тапты.Ал заң үстемдігі кез-келген өркениетті мемлекеттің басты қағидасының бірі ретінде қалыптасты. Сондай-ақ мемлекеттік басқарудағы өзгерістер енгізілді.Соның нәтижесінде бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына жоғары орган ретінде Құрылтай құрылды және Қазақстан Республикасының Вице-президенті лауазымы енгізілді.Сонымен қатар халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде Қазақстан Халық Кеңесі құрылды.

   Бұдан өзге де жарқын болашаққа бастайтын дүниелер Ата заңымыздың жаңа редакциясында көрініс тапты.Біз бүгін тек оның бірді-екілі өзгерістерін тілге тиек етіп отырмыз.

     Жаңа Конституция - жарқын келешекке бастайтыны сөзсіз.Біз бұған үлкен сеніммен қараймыз.Өйткені жаңа Конституция-жаңа құқықтық кезеңнің бастауы. Заң мен тәртіп,әділеттілік пен жауапкершілік орныққан қоғам ғана жарқын болашаққа нық қадам жасай алатыны бәрімізге белгілі жайт.

Күмісбек Ербаев,журналист.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Касым-Жомарт Токаев поручил Министерства обороне устранить выявленных недостатков*
  • *Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жо
  • Глава государства заслушал первые итоги работы Комиссии по проверке Министерства обороны
  • Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері тур
  • “Бәйменей” елді мекенінің 70 жылдығы аталып өтілді