«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА...

 6b649813-8f07-45f2-969d-bac1580f4aba.jpg

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Б.Бейсекбаев атындағы мектеп - гимназиясында аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың қатысуымен «Өз ағашыңды өсір» акциясы ұйымдастырылды.

Республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан акция барысында аудан басшысы мектеп оқушыларымен бірге арнайы ыдыстарға қылқан жапырақты ағаш дәндерін егіп, мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Акцияға бірауыздан белсенділік танытқан мектеп оқушыларының ұйымшылдығын көрген аудан әкімі Азат Үкітайұлы ризашылығын білдіріп, қасиетті өңіріміздің жасыл желекке бөленіп, ауыл көшелері көгалданып, білім шаңырақтары мен мекеме ғимаратарының ауласы гүлге оранып тұрғаны баршамыздың ортақ мақтанышымыз екенін айтты.

Бұл игі бастама аудан көлемінде ұйымдастырылып, барлық білім шаңырақтарында жүзеге асырылып, ауылдық округтерде тазалық сенбіліктері өткізіліп, ауыл көшелері тазартылды.  

                                                                                        Өз тілшімізден.  

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов аудан тұрғындарын сенбілікке шақырды
  • Казахстан стал лучшей страной Центральной Азии для переезда
  • Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтойме
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдық мерейтойына орай марапатталған сала қызметкерлері
  • ҚР Ұлттық архивінің 20 жылдығына орай архив саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқ