Алматы облысында 6 мыңнан астам неке тіркелді

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды.

Алматы облысы бойынша осы аралықта 6413 (2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында - 2602) неке тіркелді. Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың  азаматының тууы тіркелді. Аймақ бойынша 29725 (4 айда 9305) балаға туу туралы куәлік рәсімделді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке»  азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қоғамдық жолдарда мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібіне енгізілген
  • Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлік саласында
  • Антикоррупционная служба по Алматинской области усилила работу по обеспечению закона
  • Глава государства назвал Китай добрым соседом и проверенным временем надежным стратегическим партнер
  • Алматы облысында қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеуі тіркелді