«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

b7924cb5-e83a-422b-a77f-3e6da3d55a13.jpg

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өз жалғасын тауып жатыр. Акцияның атауы айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу болып табылады.

   b7c584ef-ec64-4b2a-8034-747f7bf8871e.jpg

 Осы бағытта «Таза бейсенбі» акцясы аясында аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл шараға аудан тұрғындары белсенді қатысты.

 78cd2ae6-9fe9-4917-901f-912d239049a8.jpg

 Аудан көлеміндегі ауылдарда Іле өзенінің жағалауы мен ауыл көшелері тазаланды. Сенбілік барысында саябақтарда егілген ағаш көшетері суғарылып, күл-қоқыстар мен күнделікті қолданылатын тұрмыстық қалдық заттар сенбілік жұмыстарға арнайы бөлінген техникалар арқылы күл-қоқыс төгетін белгіленген орындарға шығарылды.

«Тазалық - денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Сондықтанда өзіміздің тұрып жатқан ауылымыздың тазалығын сақтап, тазаланған жерлерді ластамауға барынша көңіл бөлейік, ағайын!

                                                                         Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов аудан тұрғындарын сенбілікке шақырды
  • Казахстан стал лучшей страной Центральной Азии для переезда
  • Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтойме
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдық мерейтойына орай марапатталған сала қызметкерлері
  • ҚР Ұлттық архивінің 20 жылдығына орай архив саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқ