Жоғалған жүргізуші куәлігін қалай қалпына келтіруге болады

Әр жүргізуші жүргізуші куәлігінің жоғалуына, қолданылу мерзімінің аяқталуы немесе тегінің ауысу себебі бойынша қалпына келтіру қажеттілігіне тап болуы мүмкін. Мұны қалай жасауға болатынын "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалында толығырақ айтып берді.

Жүргізу құқығын қалпына келтіру үшін қызметалушы мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік баждың төленгені туралы чек болуы қажет. Егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, медициналық анықтама қажет болады.

Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін қайта шығару кезінде теориялық және практикалық емтихандарды қайта тапсыру талап етілмейді.

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 2 сағаттан аспайды.

2024 жылдың 5 айында Алматы облысында 10.746 жүргізуші куәлігі берілген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»