Алматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды

8c2f06ee-c52f-4f48-ba9e-0556e0fe5743.jpg 

   Алматы облысында өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталып, нәтижесінде 25 жас маман таңдалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакупов мәлімдеді.

    Жакуповтың айтуынша, іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қатысты. 

"Бұл іріктеу жастарға өңірді дамытуға өз үлестерін қосуға және мемлекеттік қызметте жоғары позицияларға ұмтылуға мүмкіндік береді," - деді ол.

    Жалпы, Алматы облысының кадрлық резервіне 277 адам құжат тапсырып, оның 232-сі қабылданды. Тестілеуден өткен 62 үміткердің ішінде 51-і құзыреттерді бағалау кезеңіне өтті, ал 38-і комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа шақырылды.

    "Биылғы жылдың 20-21 тамыз аралығында өткен соңғы кезеңде 35 үміткер өз жобаларын презентациялау форматында таныстырды. Бұл кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз бақылаушылар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерінің және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді," - деді Арсен Жакупов.

    Комиссияның шешімі бойынша, барлық кезеңдерден сәтті өткен 35 үміткердің ішінен 25 адам кадр резервіне қабылданды. Резервке алынғандардың ішінде 5 әйел және 20 ер адам бар, олардың орташа жасы – 31, ең жасы – 25. Резервке қабылданғандар арасында басқа өңірлерден, оның ішінде Астана қаласынан келген үміткерлер де бар.

    Резервшілер екі жыл мерзімге сайланған лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»