Алматы облысының қосымша білім беру ұйымдары республикалық рейтингте үздіктер қатарынан көрінді

ac8ebfe4-0890-48a6-bd7a-1b80663c3efe.jpeg

2026 жылғы 28 қазанда Түркістан облысында өткен Республикалық қосымша білім беру ұйымдарының үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша Алматы облысы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының шешімімен Алматы облысы қосымша білім беру саласындағы үздік жиынтық көрсеткіштері үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, республикалық рейтингте облыстың үш қосымша білім беру ұйымы жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, Қарасай ауданының Шалқар ауылындағы «Балалар өнер мектебі» I дәрежелі дипломмен, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебі II дәрежелі дипломмен, ал Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы «Оқушылар үйі» III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жетістіктер қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігі мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

Алматы облысының республикалық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі өңірдегі қосымша білім беру саласының дамуына және жас таланттарды қолдауға бағытталған жұмыстардың маңызын айқындайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»
  • Алматы облысының қосымша білім беру ұйымдары республикалық рейтингте үздіктер қатарынан көрінді
  • Алдыда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр
  • Портреты президентов, флаги и личная встреча Эрдогана: как Анкара принимает Касым-Жомарта Токаева
  • Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.