Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары

    4f24501e-4202-4403-917e-858fd69ffe55.jpg

    Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасы 13,2 млрд теңгеге тең төленбеген алғашқы тіркеу жағдайларын анықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан Ахметов мәлімдеді.

    “Мемлекеттік кірістер департаменті шетелден әкелінген автокөліктердің алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік бажсыз тіркелген көптеген фактілерін анықтады. Сондай-ақ, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлердің бажсыз берілу жағдайлары да тіркелді. 2018-2021 жылдар аралығында 13,2 млрд теңге көлемінде 2 228 автокөліктің алғашқы тіркеуі кезінде баж төленбеген”,– деп атап өтті Еркебұлан Ахметов.

    Сонымен қатар, 77 мемлекеттік нөмірдің мемлекеттік бажсыз берілуі анықталып, бюджетке 36,7 млн теңге шығын келтірілген.

“Қазіргі уақытта әкімшілік полиция осы қызметтерді заңсыз алған тұлғалардан баждарды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуде” , – деді Еркебұлан Ахметов.

    Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отардың айтуынша, биылғы жылдың 5 қыркүйегіне дейін 505 салық төлеушіден жалпы сомасы 698  теңге өндірілген. Оның ішінде 45 млн теңгесі мемлекеттік баж ретінде 228 салық төлеушіден жиналса, ал 653 млн теңге көлеміндегі төлемдер 277 салық төлеушіден өндірілген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»