
Президенттің бүгінгі жариялаған Жолдауында ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және олардың
құқықтарын қорғау – мемлекет алдындағы маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Әрбір бала денсаулық жағдайына
немесе жеке ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім алуға, медициналық және әлеуметтік көмекке қол жеткізуге,
қоғам өміріне еркін араласуға мүмкіндік алуы тиіс. Сондықтан балаларға тең жағдай жасау – әділетті қоғам
қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттіліктері бар балаларға атаулы қолдау көрсету, оңалту
орталықтарының желісін кеңейту және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелеріне назар аударуы маңызды.
Әсіресе, мұндай балаларға арналған орталықтарды барлық облыстарда және ірі аудан орталықтарында ашу
бастамасы өзекті. Бұл балалардың қажетті мамандардың көмегін уақытылы алуына, оңалту қызметтеріне қол
жеткізуіне және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар медициналық және әлеуметтік қызметтердің
сапасын арттыру, білім беру ұйымдарында қолайлы орта қалыптастыру да басты назарда болуы қажет.
Меніңше, инклюзивті білім беру тек ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектепке қабылдаумен шектелмеуі керек.
Ең бастысы, олардың білім алуына, қабілеттерін дамытуына және өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде
сезінуіне жағдай жасалуы тиіс. Бұл үшін білікті мамандар даярлау, педагогтерге қажетті қолдау көрсету және
ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу маңызды. Сонымен қатар осы салаға қатысты заңнаманы жетілдіріп, балалардың
құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру қажет. Қорытындылай келе, ерекше қажеттіліктері бар балаларға
қолдау көрсету – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір баланың мүмкіндігін
бағалап, оның болашағына сеніммен қарауымыз керек. Баланың ерекшелігі оның дамуына кедергі болмауы тиіс.
Әр балаға тең мүмкіндік беріліп, қажетті көмек көрсетілген жағдайда ғана біз мейірімді, инклюзивті және әділетті
қоғам қалыптастыра аламыз.
Журналист – Ербай Күмісбек Жарылқасынұлы


