Халықтық штаб «Бақанас орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті

1ea3d86f-a469-4494-8dd6-9c42b162c109.jpg

    «Бақанас орман шаруашылығы» мекемесінің ұжымымен кездескен Өңірлік Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын талқылады.

«Бақанас орман шаруашылығы» ұжымы АЭС құрылысының экологиялық таза, тұрақты және сенімді энергия көзі екендігі туралы ақпарат алды. 

???? «Қазіргі таңда Қазақстан электр энергиясының бір бөлігін импорттауға мәжбүр болып отыр. АЭС осы тәуелділікті азайтып, тұрақты әрі өзіміздің энергиямызды өндіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Зауреш Демеуқұлова.

Сонымен қатар, АЭС құрылысының жергілікті экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға тигізетін әсері сөз болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности