АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб медицина қызметкерлерімен кездесті

d7f9da1e-b179-4404-a938-fdd501643f49.jpg

    Балқаш аудандық орталық ауруханасында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың дәрігерлермен кездесуі өтті. Штаб мүшелері атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін түсіндіріп, еңбеккерлердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында АЭС салудың экономикалық тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі және экологиялық қауіпсіздігі жайлы кеңінен талқыланды.

    ????  «Атом электр станциялары – бұл елдің болашағы үшін маңызды қадам. Бұл станциялар Қазақстанды тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Еліміздегі уран қоры мол болғандықтан, біз өз ресурстарымызды тиімді пайдаланып, сыртқы нарыққа тәуелділікті азайта аламыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Марат Ноғайбай.

    Еңбек ұжымының өкілдері атом электр станцияларының заманауи технологияларының қауіпсіздік деңгейі туралы ақпарат алып, АЭС-тің ел экономикасына тигізетін пайдасын бағалады. Штаб өкілдері атом электр станцияларының көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі рөлі мен олардың энергетикалық тиімділігін ерекше атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности