Тұрақты энергетика тұрақты бағаны қалыптастырады – қоғам белсендісі

АЭС2.JPG

    Қоғам белсендісі, блогер Сәбит Рысбаев әлеуметтік желідегі парақшасына елімізде АЭС салу мәселеіне қатысты пікірін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізі біз Қазақстанда тұрған соң білмейміз. Шетелде мұнай қымбаттаса бензиннің бағасы бірден ұшады. Соңғы 2-3 жылда мұнайдың бағасы қымбат болып тұр. Грузияға барғанда осы қымбат мұнай үшін грузиндердің бензині 2 есе өсіп кеткенін көргенмін. Батыс елдері сол үшін АЭС соғады екен. Уран АЭС-тан шығатын энергетиканың негізгі шикізаты болғанымен, негізгі шығыны емес. Сол үшін баға тұрақты дейді. Тұрақты бағада ұзақ мерзімді келісім шарттар жасауға ыңғайлы. Ұзақ мерзімге жарамды, - дейді блогер.

Оның айтунша, елімізде АЭС салнатын болса қосымша жұмыс күшін ашады. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Қаншама адам маман болады. Ары қарай сол мамандар көлік құрастыру, энергетика, ғылым, білім салаларында қызмет етеді. Тікелей инвестиция көлемі артады. Экономиканы жандандырады. Тұрақты энергетикаға баға, басқа да салаларға тұрақты бағаны қалыптастырады. Ол бағалар әлемдік нарықта біздің тауарларды бәсекеге төзімді қылады.

Өйткені өндіріс негізінен энергетика арқылы жұмыс жасайды. Кез келген тауарды өндіргенде шығынға энергетиканың бағасы тікелей әсер етеді. Алдағы уақытта еуропада көмір өндірісінен өндірген өнімдерге салықты көбейтпекші. Бізде негізінен энергетиканы көмірден аламыз. Онсыз да бәсекеге қабілетсіз өнімдеріміз маңырап қалуы мүмкін. Қажет емес деп көбінесе өндіріске қатысы жоқ, тауар өндірмей жүрген адамдар айтады-ау, - деп жазды қоғам белсендісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности