balqash

0adfb28e-f31e-4ac9-8077-caf8be3d1aff.jpg

«Бақанас орман шаруашылығы» мекемесінің ұжымымен кездескен Өңірлік Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын талқылады.

Бақанас орман шаруашылығы ұжымы АЭС құрылысының экологиялық таза, тұрақты және сенімді энергия көзі екендігі туралы ақпарат алды.

«Қазіргі таңда Қазақстан электр энергиясының бір бөлігін импорттауға мәжбүр болып отыр. АЭС осы тәуелділікті азайтып, тұрақты әрі өзіміздің энергиямызды өндіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Зауреш Демеуқұлова.
Сонымен қатар, АЭС құрылысының жергілікті экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ғылыми-техникалық прогресті ынталан-дыруға тигізетін әсері сөз болды.

                                                                                                                                                                        Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Надежная защита начинается с внимательности
  • “ Таза Қазақстан” акциясы аясында…
  • Comic Con Astana 2026 фестивалінде әлемге танымал косплей шеберлері үздіктерді таңдайды
  • Мировые звезды косплея выберут лучших участников Comic Con Astana 2026
  • Алматыда шахматтан екі халықаралық турнир басталды