АЭС салу бойынша референдум өткізу маңызды

00.JPG

    АЭС салу бойынша референдум өткізу маңызды экономикалық қана емес, сонымен қатар ауқымды саяси қадам болып саналады. Жаңа Қазақстанның қағидаттары мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» стратегиясы билік пен халықты біріктіруге бағытталған. Демек, аталған мәселе бойынша соңғы шешімді барлығымыз бірігіп қабылдаймыз. 

Тұтас бір өңір тұрғындары қатты зардап шеккен Семей полигонының қасіретін ешкім жоққа шығармайды. Алайда, әскери қару-жарақ эксперименттері мен дәлелденген технологияларды бейбіт мақсатта пайдаланудың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. 

Чернобыль және Фукусима атом электр станцияларының тағдырын меңзеп, АЭС-ті қауіпті деп тану да орынсыз. Қазір әлемде 200-ге жуық атом станциясы жұмыс істейді, оның құрамына 400-ден астам энергоблок кіреді. 


Қоғамдық пікір көшбасшысы – Ф.Жылгелдиев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • “ Таза Қазақстан” акциясы аясында…
  • Comic Con Astana 2026 фестивалінде әлемге танымал косплей шеберлері үздіктерді таңдайды
  • Мировые звезды косплея выберут лучших участников Comic Con Astana 2026
  • Алматыда шахматтан екі халықаралық турнир басталды
  • Два международных турнира по шахматам стартовали в Алматы