РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДА

4701360c-2813-4f6c-a362-348c1f354e1e.jpg

 25 ақпан күні Алматы қаласында Грек – рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Байрақты бәсекеде бақ сынаған жерлесіміз Айбын Байкенже 60 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп,  ІІІ-ші орын иегері атанып. аудан абыройын асқақтатты.

Осыған дейінде бірнеше сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, ел мақтанышына айналған Айбын Айдосұлы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дайындалып жүргенде-ақ алғашқы жеңіс дәмін татып, биіктерге қадам жасаған спортшы.

Қазіргі таңда ол Алматы қаласына қарасты «Шаңырақ» ықшам ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандан-дырылған мектеп – интернатының оқушысы.

Жас спортшыға  боз кілемде батыл белдесуді үйреткен алғашқы жаттықтырушысы - Назтай Мейрамбек болса, қазіргі бапкері Саламат Сәрсебектің еңбегі орасан зор екені баршаға аян.

                                    Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*